20-04-2024
22.3 C
Шымкент

Шымкентте газ мөлшері шектелді

Өзбекстан оңтүстік өңірлерге беретін газ мөлшерін шектеп тастады. Соңғы екі тәуліктен бері тиесілі 420 мың текше метр газдың орнына облыс сағатына бар болғаны 120 мың текше метр көгілдір отынды қанағат тұтуға мәжбүр, — деп хабарлайды Астана арнасы. 

343

Ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, мұның салдарынан Шымкентте көгілдір отынның қысымы азайып кеткен. Энергетика басқармасының өкілдері көршілердің бұл әрекетін техникалық себептермен байланыстырыпты. Мәселе апта соңына дейін шешіледі деп сендіреді. Айтуларынша, газсыз отырған елді мекендер жоқ. ОҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Лесбек Серікбаев: «Қысымды өз деңгейінде сақтап, абоненттерге табиғи газды тұрақты түрде беру үшін қазір Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральді газ құбырына қосымша газ беріліп жатыр. 200мың текше метрге жуық, одан бөлек Полтарацкий газ сақтау қоймасы бар бізде, содан 88 мың текше метр сағатына қосымша газ беріліп жатыр», — дейді.

Дегенмен төмендеген қысымды қалыпта ұстау үшін шаһар басшылары қосымша амалдар жасап бағуда. Шымкенттегі бірнеше ірі өндірістік мекемелер бірер күнге 100 пайыз газдан ажыратылады. Осының есебінен сағатына 10 текше метрге дейін газ үнемдеуге мүмкіндік бар, — дейді қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов. Әзірге алпауыт кәсіпорындар арасында қаланы жылумен қамтитын «3-Энергоорталық»  қана 50 пайыз көгілдір отын алып отыр, — делінген хабарда.

Дерек көзі: Бақ кз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР