18-04-2024
14.3 C
Шымкент

Азық түлік тауарлары қымбаттамайды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Шымкент қаласындағы ірі сауда орындарының бірі — «Алаш» базарында болып, азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығын қадағалады.  Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. 

1622090_268417316650313_1459187839_n 

Сауда орындарын аралап көрген облыс басшысы алдымен көкөніс, ұн, ет өнімдерінің бүгінгі бағамын саралады. Сосын қала әкімі мен базар басшылығына, тиісті сала жетекшілеріне азық-түлік тауарларының бағасын күрт өсірмеу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды жүктеп, бағаның тұрақты қалыптасуына кедергі келтіретін факторларды жедел жоюды тапсырды.

«Азық-түлік тауарларының қымбаттауына негіз жоқ. Бұдан бөлек, облыс әкімдігінде жанар-жағармай, дәрі-дәрмек, азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақты болуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы штабтар құрылып, шұғыл шаралар қабылданып жатыр», — деді өңір басшысы. Айта кетерлігі, облыс әкімдігі мен азық-түлік базарларының басшылығы арасында меморандум түзіліп отыр. Меморандум талаптарына сәйкес «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жанынан құрылған тұрақтандыру қоры арқылы кәсіпкерлерге бір келісі 50 теңгеден болатын жалпы 3 мың тонна ұн бөлінген. Бұл қор ауыл шаруашылығы өнімдерін де төмен бағада ұсынып отыр. Ортақ жасалған келісімге сәйкес нанның бағасы 35 теңгеге тұрақтайды.  Сөз арасында, жанар-жағармай мен дәрі-дәрмектердің бағасы да тұрақты бақылауға алынғандығын жеткізген аймақ басшысы отандық тауарларға бағаны негізсіз көтергендерге қатаң шара қолданылатынын айтып өтті.

(Фото ФБ парақшадан алынды)

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР