20-04-2024
16.3 C
Шымкент

Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру маңызды

Ұлттық бәсекелестікті жоғарылату, нәтижесі адам капиталының, экономикалық институттардың дамуымен, Қазақстанның бәсекелестік жетістіктерін дамытып, тұрақтандырумен, сондай-ақ, экономиканы диверсификациялау және ғылыми-техникалық кешенді тұрақтандырумен байланысты жаңа бәсекелестіктерді құрумен анықталатын кешенді тапсырма болып табылады.   tehhnooo

Еліміздің экономикасының инновациялық жолға өтуі бәсекеге қабілетті ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуынсыз мүмкін емес. Оны құру үшін экономиканың көптеген салалары тарапынан жоғарылату, білім генерациясы секторының нәтижесін (іргелі және қолданбалы ғылым) жоғарылату, құрылған инновациялық инфрақұрылымның бөлшектілігін жою қажет.  Осылайша, Мемлекет Басшысы Н.А.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында еліміздің 30 ең дамыған елдер қатарына енуіндегі ең маңызды тапсырмаларының бірі инновациялық индустриализация трендін түзетіп, күшейту екенін айтып өтті. Сондай-ақ, ол ғылымды қажет ететін экономиканы құру – бұл ең алдымен, қазақстандық ғылымның әлеуетін жоғарылату екенін атап өтті. Берілген бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияны қолдау бойынша заңнамаларды жетілдіру қажет.

Қазіргі таңда «Индустриалды-инновациялық әрекетті қолдау туралы» Заңға сәйкес «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ инновацияны қолдаудың келесі құралдарын ұсыну бойынша оператор болып табылады:

1)    Инновациялық жобаларды жарғылық капиталға ену жолымен қаржылау;

2)    Инновациялық жобаларды венчурлі қорлар құру жолымен қаржылау;

3)    9 бағыт бойынша инновациялық гранттар ұсыну;

4)    Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсыну;

5)    Машинақұрылыс өнімдерінің жаңа түрлерін игеру бойынша салалық конструкторлық бюролар қызметін ұсыну;

6)    Инновациялық әрекетті дәріптеу мақсатында инноваторлар арасында сайыстар ұйымдастыру.

Технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы тек технобақтар арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда Қазақстанда 7 технобақ бар, оның бірі «Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық технобағы» ЖШС. «Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық технобағы» ЖШС 2008 жылдың 17-ші шілдесінде құрылған, инновациялық инфрақұрылымның субъектісі болып табылады. Технобақтың миссиясы –аймақта бәсекеге қабілетті инновациялардың пайда болып, олардың негізінде бизнестің дамуы үшін оңтайлы жағдай жасау. Индустриалды-инновациялық әрекеттің субъектілерін қолдау құралдары:

  • Инновациялық үрдістерді ақпаратты-талдамалық қолдау
  • Инновациялық гранттар ұсыну
  • Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсыну
  • Инновациялық жобалар мен жасалымдарды жылжыту.

Технобақ қорында жүзден астам жоба бар. Оның ішінде 10 жоба бойынша (2010 ж. 4 жоба, 2011 ж. 5 жоба, 2012 ж. 1 жоба) технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтері көрсетілді, тағы да 3-уі инкубациялық кезеңде .

2011-2012 жылдардағы жобалар бойынша ТБИ қазметтерін көрсету жұмыстары аяқталды. Олардың ішінде 2-уі ОҚО индустриалды картасына ендірілді: Екіншілік шикізаттан ақуызды-дәруменді жем алу биотехнологиясы; Балауыз, жемтік және глюкозалы-фруктозалы шәрбәт алумен бидайды кешенді өңдеу. Осы 2 жоба бойынша «Bio-Grain» ЖШС 2014 ж. мамыр айында ақуыз-дәруменді жем және балауыз, жемтік, глюкозалы-фруктозалы шәрбәт шығару бойынша өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр. «Тауық қиын кешенді өңдеу» жобасы бойынша алғашқы құжаттамалар комплекті «ТДҰА» АҚ-на жобалық қосымша қаржыландыруға қарастыру үшін жіберілді. «Азоттіркелген белсенділікті биологиялық экологиялық таза тыңайтқыштар өндірісі («Жер шәрбәті»)» жобасы бойынша «Жер-күші» ЖШС тыңайтқыштарды кіші көлемде шығару бойынша өндірісті іске қосты. Жоғарыда көрсетілген бағдарламалардан басқа 2013 жылдың 23 желтоқсанында ҚР үкіметінің технологиялық саясаттар бойынша кеңесінде Индустрия және жаңа технологиялар министірлігінің, «ТДҰА» АҚ-ның және «Бәйтерек» ҰБХ» Ақ-ның жаңа ынтасы — Мақсатты технологиялық бағдарламаларға инновациялық грант (МТБ) қарастырылды.

МТБ мемлекет көмегімен ғылым мен бизнес арасындағы байланыс үшбұрышты. Бұл жағдайда бизнес, өзінің қаражаттары мен тәуекелдіктерін бағалай отырып, зерттеулердің қолданбалы бағытына грант болып, болашақта технология мен өнімнің тұтынушысы болып табылады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерді технобақтардыңашылуына, инновацияық жобаларды өндіріске ендіруде ынталандыру мақсатында «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның 76 бабына жер қойнауын қолданушылардың жылдық табыстарының жиынтығының 1%-дан кем емесін келісім-шарттық іс-әрекет бойынша аударып отыруды міндеттейтін қосымшалар енгізілген. Ғылыми-техникалық әрекеттердің нәтижелерін өндіріске ендіруді ынталандыру мақсатында Салық кодексіне, көрсетілген жұмыстарды Қазақстан территориясында ендірген жағдайда сәйкес ҒЗТКЖсалықтық кезеңдерінде факт бойынша шығындарынан  салық төленетін табыстың 50%-дан бастап қысқаруын қарастыратын  норма енгізілген.

Бизнес тарапынан қызығушылықты қамтамасыз ету үшін, гранттық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қосымша қаржылау принципі ендірілген.Мысалға, өнеркәсіптік зерттеулерге гранттар бизнес тарапынан өтінімдер бойынша ұсынылады. Сондай-ақ, құрылған салалық конструкторлық бюроларды роялти арқылы шығындарын өтеумен қосымша қаржылау механизмдері қарастырылған.

Болашақта инновациялық инфрақұрылымның дамуы жалғасады. Бәсекелестік ортаның дамуы үшін технобақтарды аккредитациялау жүйесі ендірілетін болады. Сондай-ақ, әрекеттегі технобақтарды қайта ұйымдастыру жолымен технологиялық бизнес-инкубаторлар құру жоспарлануда, олар физикалық тұрғыда Коворкинг (бірігіп жұмыс істеушілер) орталықтары болады. Жұмыстың бұл моделі, үйде жұмыс істегеннен гөрі, тәуелсіз және еркін бола отырып, бірақ біріге жұмыс жасау арқылы, идеялармен бөлісіп, бір-біріне көмектесе отырып қарым-қатынаста тапшылық сезінбей ортақ ғимарат жалдауда болып табылады. Модельдің негізгі мәні – айлық жалға алу және территориялық бірлесу және қатысушылардың нәтижелі жұмыс үшін қауымдастықтардың ұйымы. Бұл модельдің фишкасы: 1. Әрқашанда үлкен, достық компания болады. 2. Сізге жеке офис жалға алғаннан қарағанда салым әлдеқайда төмен. 3. Бұлфриланс, тек әртүрлі мамандар жиналатын нақты ғимаратымен. 4. Барлығанан толық тәуелсіздік, жалпы касса мен бір-бірімен адами қарым-қатынасты санамағанда. 5. Саған клиент келген кезде корпорацияңның үлкендігіне таң қалып барлық келісім-шарттарға қол қояды.6. Егер бір орында мамандардың көптеген саны жиналса, онда кәсіби веб-құрастырушыларды табуды қажет ететіндердің барлығын автоматты түрде тартатын болады. Сондай-ақ, жақын арада Технобақта Fablab зертханасы(инновациялық прототип жасау аумағы) ашылу жоспарлануда. Мұнда арнайы құрылғыларды техникалық және креативті идеяларды нарықта жүзеге асыру үшін кез келген бағыттағы жасалынатын конструкциялардың көлемді прототиптері жасалынатын болады. Осы мақсатта, Fablab зертханасынның қондырғыларын жинақтауға сауалнама жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.Толық ақпаратты www.rtpuko.kzсайтынан немесе 8(7252) 39-28-07 телефоны арқылы біле аласыздар. Өзара қарым-қатынас мақсатында жағдайлық келіс сөздер жүргізу үшін біздің есігіміз әрдайым ашық.

Сауран Әліхан Жамалұлы,

 «Оңтүстік Қазақстан обылысындағы аймақтық технобағы»  

ЖШС-нің бас директоры

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР