Еуразиялық экономикалық одақ – жаңа перспективаларға жол ашады


1994 жылдың наурызында Елбасы ТМД кеңістігінде сапалық жаңа интеграциялық бірлестік – Мемлекеттердің Еуразиялық Экономикалық Одағын құруды тұңғыш рет ұсынған болатын. Биыл аталған шараға 20 жыл толып отыр. eurrooo

Осыған орай, Шымкент қаласындағы конгресс-холлда облыс кәсіпкерлері мен облыстың зиялы қауымының қатысуымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановтың төрағалығымен «Еуразиялық экономикалық одақ – экономикалық ынтымақтастықтың жаңа перспективалары» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып өткізілді. «Дөңгелек үстел» барысында баяндамашылар Еуразиялық экономикалық одақты құру идеясының туындауы, артықшылықтары, еліміз бен облысқа тиімділіктері және бүгінгі таңдағы жағдайы туралы мәселелерге тоқталып өтті. Атап айтсақ, 2013 жылы кеңістікпен біздің елдің сауда-саттығы 24 млрд. АҚШ долларға жеткен, экономикаға тартылған инвестиция көлемі 28 млрд. АҚШ долларын құраған, оның ішінде жүк көліктері экспорты 17 есеге, цементтің экспорты 16 есеге артқан. Бұдан басқа, Қазақстанның Кеден одағы елдерімен сыртқы тауар айналымы тұрақты динамикаға ие, ол 2013 жылдың қорытындысы бойынша 24,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 2010 жылғы 18,8 млрд АҚШ доллары көлеміндегі көрсеткішпен салыстырғанда 29% пайызға жоғары. Тауар айналымы құрылымында импорт – 18,4 млрд АҚШ долларын құрайды. Облыс деңгейіне келетін болсақ, Кедендік одақтың елдеріне Оңтүстік Қазақстан облысының 2013 жылдағы экспорты 2011 жылмен салыстырғанды 2,6 есеге өсіп, 311 млн. АҚШ долларын құрағаны сауда жасау географиясының кеңейуінің оң нәтижесін бергенін дәлелдейді. Қазақстан, Ресей, Беларусь бүгінде Кеден одағында және бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрамында. Барлық құжаттарды рәсімдегеннен кейін 2015 жылдың 1 қаңтарында біз Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына келетініміз туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткен. Қазіргі таңда Еуразиялық одаққа кіру жолында экономиканы дамытып, бәсекелестікке төтеп беру потенциалын күшейту үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Тек Индустриаландыру Картасы шеңберінде жалпы сомасы 705,2 млрд.тг. құрайтын 170 жоба жүзеге асырылуда. Оған қоса, 416 млрд.тг. құрайтын 52 жоба іске асыруға ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, шет ел мемлекеттерінің қатысуымен сомасы 1,9 млрд.АҚШ долларын құрайтын 29 инновациялық жобалар іске асырылуда. Облыстың барлық аудан қалаларында Индустриалдық аймақтар құрылуда. Қазіргі таңда аймақтарды құру үшін 1175,5 га жер бөлінген. Бұл отандық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан үлкен қолдау. Осылайша бүгін Мемлекет басшысының бастамасы 20 жыл өте теориядан практикалық жүзінде іске асуда.

Дерек көзі: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі (фото)

Пікірлер

  1. Магжан
    16.06.2014 at 14:38

    2015 жылы одақтық келісімщарт күшіне енеді. Сол кезден бастап оның елге тиер пайдасы көріне бастайды деп ойлайм. Негізі неғұрлым одақтың үлкейе бергені де жақсы.

Пікір қосу