19-04-2024
15.3 C
Шымкент

Әлеуметтік төлемдер үшін кезекке тұра аласыз

Қазақстандық жұмыссыздар әлеуметтік төлемдер үшін өтініш берулеріне және кезекке тұруларына болады.9ca23ce3b50d0fddbaaf6b9b17b5134b

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын қазақстандықтар үшін, жұмысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау және жұмыссыз азамат ретінде есепке қою рәсімі жеңілдетілді. Енді бұл екі қызметті де жергілікті Жұмыспен қамту орталығына жүгіне отырып, бір мезгілде алуға болады. Бұрын жұмысын жоғалтқан адам әлеуметтік төлем тағайындауды рәсімдеу үшін,алдымен жұмыссыз азамат ретінде тіркеліп, есепке тұруға Жұмыспен қамту орталығына баратын, содан кейін ғана жұмысын жоғалтқаны бойынша әлеуметтік төлем тағайындауды рәсімдеуге ЗТМО-ға немесе ХҚКО-ға баратын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамыфилиалы — ЗТМО директорының орынбасары Серікхан Сабыржановтың айтуынша, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру нәтижесінде қағаз жүзіндегі құжатайналымы толығымен жойылды. «Енді өтініш қабылдау кезінде адамнан сәйкестігін қарау үшін жеке куәлік және қаржыны аудару үшін банк деректемелері ғана талап етіледі. Қалған мәліметтердің бәрін орындаушы жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасынан электрондық үкімет шлюзі арқылы және еңбек рыногы базасынан алады,» — дейді Сабыржанов.

Айта кетсек, жұмысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемді қазақстандықтар 4 айға дейін ала алады. Егер адам қысқарту, жұмыс берушінің таратылуы немесе өндіріс көлемінің азайюына байланысты жұмысын жоғалтқан жағдайда, әлеуметтік төлем 6 айға дейін тағайындалуы мүмкін.Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері соңғы 24 айдағы табысының орташа айлық мөлшерін 0,3 табысты алмастыру коэффициентіне және (0,1 ден 1-ге дейін) қатысу өтілінің коэффициентіне көбейту жолымен анықталады. Мәселен, сіз ЖШС-де 7 жыл еңбек еттіңіз және 50 000 нан 90 000-ға дейін табысыңыз болды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліңіз – 67 ай – бұл қатысу өтілінің 1 коэффициенті, орташа айлық табыс – 63 000 теңге болады. Яғни, сіз ай сайын 18 900 теңге әлеуметтік төлем ала аласыз.

Жыл басынан бері есепке қоюға және әлеуметтік төлем тағайындауға барлығы 2 720 жұмыссыз өтініш берді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі,

тел. 8 7172 27 06 58 (ішкі 109)

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР