20-04-2024
13.3 C
Шымкент

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында саяхат жасады

Мақтарал аудандық Білім және Кәсіпкерлік бөлімдерінің қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандағы отбасы жағдайы төмен және жетім балаларды жуырда Түркістан қаласына кәсіпкерлердің демеушілігімен саяхат ұйымдастырылды.

Аталған шараға 50-ге жуық балалар қамтылды. Шараның мақсаты, балаларды тарихи өлкелермен таныстыру және рухани азықпен қамту. Саяхатқа балаларды аудан басшылары батасын беріп, жолға шығарып салды.Ең бірінші Шардара ауданындағы «Ұзын ата» кесенесінен бастап, Отырар ауданындағы «Отырартөбе» ордасы мен «Арыстан баб» кесенесіне тоқтады. Балалар ол жердегі тарихымен кеңінен танысып, бойларына рухани азықтар алды. Бабтардың бабы «Арыстан баб» кесенесінде түнеп шыққаннан соң, бүкіл түркі тілдес халықтың астанасына айналған Түркістан қаласына жол тартты. Мұндағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесінде зиярат еткен балалар, Әзірет Сұлтанның жер астындағы мешітімен де танысып шықты.Тарихы терең Түркістан қаласының барлық көне жері мен мәдениетімен танысқан соң, шырайлы Шымкент қаласына жол тартты. Саяхатты Шымкент қаласындағы ЗОО саябақпен жалғастырды. Тек қана теледидар мен газет журналдарда көріп жүрген жануарлар мен жыртқыш аңдарды өз көзімен көрген балалар, көңіл күйлері көтеріңкі болды. Осындай іс-шараны ұйымдастырған басшыларға балаларды алғыстары шексіз. Шымкент қаласынан Мақтарал ауданына қайту жолында балалар 3 топқа бөлініп, патриоттық әндерден сайыс тағыда басқа көптеген ойындар ұйымдастырылды. Сапар соңында жастар ыстық ықластарын білдіріп бұдан кейін де дәстүрлі түрде игі шараның өз кезегінде қолдауын тауып тұрақты түрде ұйымдастырылып тұруын қалайтындарын жасырмады. Мұның барлығы да «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР