16-04-2024
13.3 C
Шымкент

«Шатқал» бағдарламасы ОҚО аудандарында да жүзеге асуда

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған «Шатқал» бағдарламасы Отырар ауданында да жалғасын табуда. Экологиялық ақуалды оңалтатын іс-шара 13 ауыл округінде жүзеге асып, бүгінге дейін 33 516 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Мұнан бөлек отырарлықтар 21 279 түп жаңа көшеттер отырғызып, аудан көркіне көрік қосуда. Осындай ауқымды істі атқару үшін сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбіліктен бөлек көпқабатты үйлердің тұрғындары мен әр мекеменің қызметкерлері өз аулаларын көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысуда.
– Ертең алдымызда шіліңгір шілде, жаздың аптап ыстығы келе жатыр. Әсіресе жаз мезгілінде экологиялық ахуал тіпті қиындай түседі. Сондықтан «Шатқал» бағдарламасын жедел іске асырып, көктемнің керемет шағын пайдаланып, ағаш отырғызу ісін тездетуіміз керек,–деген аймақ басшысының тапсырмасы ауданымызда қолдау тауып, жүйелі жүргізілуде.
«Сырт көз – сыншы» демекші, ауданымыздағы көгалдандыру жұмыстары өзге аудандардағы кәсіпкерлердің де назарынан тыс қалмады. Отырардың гүлденуіне үлес қосу үшін ордабасылық «Бақытты ана» кооперативінің төрағасы Мәлік Айтуғанұлы Оразбековтің ыстық ықыласқа толы керуенін жөнелткен. Жаны жайсаң, өзі жомарт М.Оразбеков өз есебінен 400 дана шырша көшеттерін отырарлықтарға сыйға тартты. Бұл көшеттер саябақтар мен мектеп аулаларына және орталық көшелердің бойына отырғызылды.
Тек Отырар ауданы ғана емес облысымыздың өзге де аудандарына тегін көшеттерді тарту еткен абзал азаматқа отырарлықтар атынан аудан әкімі Ерлан Айтаханов алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР