16-04-2024
13.3 C
Шымкент

1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қаласында ұлттар татулығы мерекесіне зор дайындықпен келді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей ұжымы «1 – Мамыр Қазақстан халқының бірлігі» мерекесіне арналған салтанатты шеруге қатысты. Түркістан қаласының «Есім хан» алаңында бірлігі жарасқан елдегі достығы мен ынтымағын паш етіп мерекелік шерумен біртұтас халық – кәсіпорындар мен мекемелердің, оқу орындарының ұжымдары, тұрғындары мен қонақтары жүріп өтті. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің барлық қызметкерлері жұмыла еңбек етіп жатқан, ынтымағы мен бірлігі жарасқан мекеме ұжымы «1 – Мамыр Қазақстан халқының бірлігі» шеруіне бір кісідей қатысты. Аталған ауданда көптеген ұлыс өкілдері тату тәтті ғұмыр кешуде. Ұлттаралық келісім жоғары деңгейде деуге болады. Халықтар достығы мерекесіне түрлі этнос орталықтары бір кісідей атсалысты. Бір шаңырақ астында бір отбасыдай өмір сүріп келе жатқан түрлі ұлт өкілдерінің қазақ ұлтына айтар алғыстары мол.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР