18-04-2024
22.3 C
Шымкент

«ЭКСПО-2017» туристік жорық

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында   «Аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-і, «Жас туристер станциясы» КММ-і және аудандық кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе отырып «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін жан-жақты насихаттау бойынша туристік жорық ұйымдастырылды. Оның мақсаты оқушылар және жастар арасында еліміздің атын әлемге паш ететін халықаралық маңызы бар көрмені насихаттау болатын. «Наурыз — Қазығұрттан басталған» атты жорыққа қатысқандар көп болды. Қазығұрт тауымен «Ақбура» әулие кесенесіне туристік жорық барысында жастарға шараның мән маңызы кеңірек таныстырылды. Іс-шараға талантты жастар, домбырашы, гитарашы жастар қатысып шараның соңын мерекелік концертке ұластырды. Белсенді студенттер де өз өнерлерін паш етті. Алда келе жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Қазығұрт ауданының талантты жастары да қатыспақ. Олар маңызды шараға әлден ақ дайындықты бастап кеткен. Шара барысында сондай ақ жастарға патриоттықты насихаттайтындай, отансүйгіштікке тәрбиелейтіндей тұщымды әңгімелер айтылды. Жастар да қалыс қалмай өз ой пікірлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР