18-04-2024
20.3 C
Шымкент

Татулықты тұмар еткен көпұлтты отбасы

ОҚО-да тұратын көпұлтты отбасылардың бірі Темировтар әулеті – татулықты тұмар еткен жанұя. Олар бірлік пен берекеге бастайтын мерекені атап өтуді елден ерте бастапты. Шымкенттегі Интернационал көшесінде тұратын Темировтер отбасы үшін мереке жексенбіден басталды. Үй иесі Гузаль Темирова әулеттегі абыз аналарды дастарқан басына жинауды ұйғарыпты. «Қазақтың ортасында өскендіктен бе, ет асу жанымызға жақын», – дейді Гузаль. Бұл отбасының бірнеше ұлтпен құда болғандығын біреу білсе, біреу білмейді. Гузаль Темирова, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы:
-Менде өзбектен де, қазақтан да, орыстан да келін бар. Ешкім оларды ұлтына байланысты бөлмейді. Себебі біздің қыздар да қазаққа шыққан. Олардың барлығы тағамды бірдей пісіреді. 1962 жылы Қытайдан қазақ жеріне қоныс аударған ұйғыр ұлтының өкілдері оңтүстікке 1975 жылы көшіп келіпті.
«Содан бері қазақ халқының шексіз шарапатына бөленіп келеміз, айтарым тек мың алғыс», – дейді Зәйтуна әже.
Айта кетейік, Темировтер ұйғыр ұлтынан болғанымен, отбасында қазақша сөйлеседі.
-Қазақ ұлтына ризамыз. Қазақ ұлтымен еш уақытта ренжіскен емеспіз. Мен өзім бұрыннан қазақ ішінде өскендіктен бе, тіл жағынан қысылғаным жоқ. Үйімізде ұйғыр тілінде емес, қазақша сөйлейміз, – дейді Зәйтуна әже.
Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР