23-04-2024
25.3 C
Шымкент

Жаңа балабақша ел игілігіне берілді

ОҚО-дағы Қазығұрттағы Көкібел елдімекенінде жаңа балабақша ел игілігіне берілді. «Айзере» атты бөбекжай 140 орынға лайықталған. Мектепке дейінгі мекеме «Балапан» бағдарламасымен  жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында ашылып отыр. Бұрын бұл ауылда балабақша атымен болмаған. Жұмысбасты ата-ана бала бағатын адам іздеп, әуре-сарсаңға түсетін. Енді көкібелдік көптің қолы ұзарып отыр. Балабақшаның ашылуына кәсіпкер Азиз Қуашов демеушілік еткен. Бөбекжайдың ашылуына аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысты. Өз сөзінде ол бүлдіршіндерге құтты қадам тіледі. Немересін жетектеп, бақшаға ертіп келген Қалбүбі апаның да қуанышында шек жоқ. «Балабақшада балалар таза болады. Ас суын уақтылы ішіп, өз уақытында ұйықтап та алады. Алғашқы жазу сызуды да бала осы жерде үйренеді. Оқып, білім алады. Сондықтан балабақшаның ауылды жерлерде де ашылуы бізді қуантады. Ауыл балаларының да бір уақыт балабақшаға баруына ел ағалары жақсы жағдай жасап отыр»-, дейді әжей.

Қазығұртта 13 мемлекеттік, 23 жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында жұмыс істейтін балабақша бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың 83, 5 пайызы бөбекжаймен қамтылған. Аудан билігі жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Г.Қалмырзақызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР