18-04-2024
20.3 C
Шымкент

Өңір өндірісін өркендетпек

Кентау политехникалық колледжі студенттері күнделікті оқу үрдісінде техникалық білімін тәжірибемен ұштастырып, моноқала өндірісін өркендеткісі келеді. Жастарға білім беру, жұмысқа орналастыру, нарықтық өмірге бейімдеу. Кентау политехникалық колледжі ашылған кезде бұл міндетті трансформатор зауытының басшылығы өз мойнына алған. Төрт жылдан бері зауыт басшылығы жұмыс істеген студенттерге 30 мың теңге жалақы мен 15 мың стипендиясын беруде.

Айта кетейік, Кентау политехникалық колледжінде 400 жас дуальді жүйе негізінде білім алады. Болашаққа бағдар жасай білетін жастар кеншілер қаласын келешекте инженерлер қаласы етуге мүдделі. Себебі, олар заман ағымынан алшақтамай, технолог, механик, конструктор кәсібін жаңа тәсілмен меңгеруде. Қазақстанның еңбек нарығында гуманитарлық мамандықтарды меңгерген жастардың қатары көп. Сәйкесінше, техникалық мамандар тапшы. Озық ойлы бұл жастар мұны жақсы біледі. Диплом алып, қол қусырмас үшін осында оқуға түскен. Енді олар шағын шаһардағы трансформатор зауытында істеу арқылы ел өндірісін өркендетуге құштар.

С. Есімбеков

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР