15-04-2024
14.3 C
Шымкент

ЭКСПО көрмесін тамашалауға шақырды

Шымкенттегі №7 Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектеп-лицейдің бір ғасырлық тарихы бар. Келер жылы бұл білім ошағы 100 жылдығын атап өтпек. Күні бүгінге дейін, білім ұсянынан ел басқарған министрлер мен облыс басқарған әкімдер, қоғам және мемлекет қайраткерлері түлеп ұшқан. Ал биыл білім ұясын 200 ден астам оқушы бітірп жатыр. Осыған орай аталмыш білім ошағына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген келіп, мектеп бітірушілерді құттықтаған болатын. «Құрметті соңғы қоңырауға келген ата-аналар, ұстаздар, бітіруші түлектер және оқушылар. Облыс әкімдігі атынан сіздерді арнайы құттықтауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі соңғы қоңырауға әсіресе мектеп бітіруші түлектер үлкен толқыныспен, ерекше сезіммен келіп отыр. Себебі, сіздер осы білім ошағына тарыдай болып кіріп, 11 жыл білім нәрімен сусындап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрсыздар. Алда, Ұлттық бірыңғай тест тапсырмақсыздар. Сол білім сынында сіздерге сәттілік тілеймін! Ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, еркелікті артқа тастап, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосар білікті маман атаныңыздар. Өмір жолдарыңызды, қоғамдағы орындарыңызды қалайтын боласыздар. Сондықтан, сіздер үшін бұл үлкен жауапты кезең. Дұрыс таңдау жасай білесіздер деп сенемін» деді басқарма басшысы.  Сонымен қатар, Болатбек Бақтиярұлы  Қарсыбай Сыпатаевтың Кеңес әскері құрамында фашизмге қарсы күресіп, Ұлы жеңіске жетуге үлкен үлес қосып, Кеңес одағының батыры атанғанында тілге тиек етті. Жас ұрпаққа батыр бабасының ерлігі үлгі болуы тиіс екенін айтып өтті.«Биылғы жазғы демалыс кезеңі оқушылар үшін айрықша болғалы тұр. Өздеріңіз білесіздер, биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің 10-маусымда ашылу салтанаты өтеді. 100-ден астам елден қонақтар келеді. 5 миллионнан астам туристер келеді деп күтілуде. Олар біздің облысымыздың да қонағы болады. Сондықтан барлықтарыңызды осы ЭКСПО-ға қатысуға, тамашалауға шақырамын» деді Болатбек Төлеген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР