15-04-2024
15.3 C
Шымкент

Теріскей жастарын біріктірген ЭКСПО-2017

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы №73 физика-техникалық мектеп лицейінде «Теріскей жастарын біріктірген ЭКСПО-2017» тақырыбында Созақ ауданының Астана қаласындағы зиялы қауым өкілдері мен жастарының кездесуі өтті.
Аталған кездесуге жоғары мемлекеттік саладағы қызметкерлерден бастап, студент жастарға дейін Созақ ауданының тумалары бас қосты.
Шараны жерлесіміз, қаржы министрлігінен Қамбарбеков Қаршығабек Мұхамбекұлы ашып беріп, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің еліміз үшін пайдасы мен болашақ жастарға зор мүмкіндіктер туатындығын айта кетті.  Созақ аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Маманов Серік Сахиұлы: Бұл шараны ұйымдастырып, аудан азаматтарының басын қосуымыздың басты мақсаты ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне ауызбірлік пен жұмыла атсалысып, Тәуелсіз еліміздің дамыған елдердің санатынан көрінуге ықпал жасау болып табылады. Сондықтан ауданымыздың жастарын белсенді атсалысуға шақырамын. Іс-шара соңында ауданымыздың өнерлі жастарының концерттік бағдарламасы қойылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР