18-04-2024
16.3 C
Шымкент

«Дала жұмыстары және кооперативтік құру»

ОҚО дағы Ордабасы ауданындағы Шұбар ауыл округіне қарасты Жусансай елді мекеніндегі жиналысқа арнайы аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбеков келіп ауыл тұрғындары және шаруа шаруашылық, ұжым төрағаларымен кездесу жиын өткізді. Жиынға Ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы — Б.Дүйсембаев. Жер қатынастары бөлімінің басшысы — Е.Жүніс. Аудандық мәслихатының депутаты — Қ.Досымбек. АТКШЖҚБ-нің басшысы — А.Құрымбек. КҚКО-ның директоры — Т.Балабаев. Ауыл әкімі — Қ.Сейітқұл және ауылшаруашылығы төрағалары мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиынның мақсаты: дала жұмыстары мен мемлекеттік тарапынан беріліп жатқан көмекті қалай алады?, қанша көлемде беріледі?, кооператив құрудың жолдары қалай екенін түсіндіру. Б.Омарбеков: өз сөзінде өткен жылы ауданға қарасты ауылдарды аралап кооператив құру жөнінде мәселе көьерген болатынбыз, осы мақсатта оларға берілетін субсидиялар көлемі анықталды. Қазіргі таңда кооперативтер әр түрлі салада құрылып жатыр. Айта кетсек ет пен сүтке қатысты Қайнар ауылында. «Фудмастер» компаниясы құрылып сүт жинау танкерін қойды. Оны екі рет жинап алып кетеді. Сүттің бағасы 83 теңге деп қойылды. Әр сүт өндіру бойынша құрылған кооперативтер әр литріне 10 теңгеден субсидия беріледі. Сіздерде осыны ұйымдастырып кооператив құрыңыздар деп ұсыныс жасады Б.Омарбеков өз сөзінде. Дала жұмыстары мен субсидиялар жөнінде ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы — Б.Дүйсембаев бірқатар мәселерді атап айтып түсіндіріп өтті. Ауыл тұрғындары мен шаруа шаруашылығының төрағалары басшыларға өздерінің сұрақтарын қойып тиянақты жауап алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР