18-04-2024
16.3 C
Шымкент

Тәжірибе алмасу жетістікке жетелейді

Еліміздің барлық аймағындағы колледж оқытушылары оңтүстікте бас қосты. 200 маман республикадағы жетекші оқу орны Шымкент аграрлық колледжімен танысып, арнайы семинарға қатысты. Мақсат – дуальды оқу жүйесін жетілдіру арқылы оқу орындары арасында тәжірибе алмасу. Жобаға «Кәсіпқор» холдингі мұрындық болды. Игі бастаманың шәкірттер үшін тиімділігі қандай? Бұл күні техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарына кредиттік-модульдік оқыту технологиясын кезең-кезеңімен енгізу түсіндірілді. Мамандар кәсіптік колледждерде инновациялық білім беру технологияларын кіріктіру бойынша пікір алмасты. Оңтүстік Қазақстан облыстық аграрлық колледжінің оқу-өндірістік базасының құрылғанына – 2 жыл. Осы уақыт аралығында талай шәкірт теорияда алған білімін қиналмай тәжірибеде сынап көрді. Жуырда ұжым шұжық өндірісін қолға алмақ. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаржы да қарастырылған. Сонысымен де өзгелерге үлгі. Аталмыш семинар биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Мол тәжірибе, жоғары технологияны өз оқу орындарына енгізгісі келетіндер де жоқ емес. Аграрлық бағыттағы жетістікті көзбен көргендер агросала жаңалықтарын ортаға салды. Елімізде қолға алынған жаңа бағдарламалардың мүмкіндіктерін танып-білді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР