18-04-2024
14.3 C
Шымкент

Елдіктің белгісі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара ауданында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Рәміздер елдігімнің белгісі» атты жастар арасында шығармашылық байқауы өткізілді. Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығы аясында Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындау бойынша тұрғындарының қатысуымен барлық ауыл округтерінде өткізілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күніне орай белсенді жастармен қала көшелерінде авто шеру өткізілді.Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығы аясында Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Рәмізім-мақтанышым» атты мерекелік шарасы өткізілді. Шеру 2017 жылы 4 маусым күні Шардара қаласының «Рәміздер алаңынан» бастау алып, қала көшелерінде авто шеру белсенді жастардың қатысуымен өтті. Осылайша Шардаралықтар ұлттық мақтаныш күні ұлттық рәміздерді құрметтеудің жоғары үлгісін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР