19-04-2024
24.3 C
Шымкент

Бар жақсылық балаларға

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш ауданы басшысы Қайрат Абдуалиев, Нұр Отан партиясының бірінші орынбасары П.Тұрсынбаев Сарыағаш қаласындағы және Дербісек ауылдық округіндегі спорт алаңшаларының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысты. Спорт алаңшасының ашылуына оқушылар спорт сүйер қауым, ауыл ақсақалдары қатысты. Ашылу салтанатына ақсақалдың батасын алып, нысанның лентасы қиылды. Алғашқы футболды аудан әкімі ауыл ақсақалына оқушылармен бірге доп теуіп бастауды ұсынды. Үстіміздегі 2017 жылы аудан басшысы арнайы оқушылардың жазғы демалыс кезеңінде спортқа баулу қажеттігін ескеріп жергілікті бюджет есебінен 7 типтік спорт алаңшаларының құрылысын бастап, бүгінгі күнге дейін 2 тапсырылған болатын. Сарыағаш қаласында 2 алаңша, Абай ауылында 1 алаңша, Құркелес ауылдық округінде 2 алаңша, Дербісек ауылында 1 алаңша, Жібек жолы ауылында 1 алаңша. Бұдан бөлек демеушілер есебінен жыл соңына дейін 4 спорттық алаңшалар тапсырылады.  Бұл балалардың шынығып, салауатты өмір салтын ұстануы үшін атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. Алдағы уақытта аудандағы бірқатар алаңдарда тағы да бірнеше спорт алаңшаларын салу жоспарлануда.

Сарыағаш ауданы əкімінің
баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР