Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданының тұрғындары негізінен өте еңбекқор, мұнда кәсіпкерлер басым. Жуырда «ONTUSTIK» Кәсіпкерлік мектебінің ұйымдастыруымен жуырда «КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ» оқыту курсын нәтижелі аяқтағаны туралы сертификат Сайрам ауданының бір топ бастауыш кәсіпкерлеріне тапсырылды. Олар алдағы уақытта өз кәсіптерін ашып, ісін елгерілетуді жоспардап отыр. Сондай-ақ, «ONTUSTIK» кәсіпкерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Өсімдік шаруашылығы» тақырыбы бойынша тәжірибелік шеберлік сабағына Сайрам ауданының бір топ кәсіпкерлері қатысты. Шеберлік сабағы сарымсақ егумен айналысатын «Шыған» АШӨК-ң егістік алқабында өтті. Олар сарымсақты күтіп баптау, мол өнім алу сырларына қанықты. Филиал директоры Бурxанов Сарсен Сайрам ауданы Қарабұлақ, Арыс, Көлкент ауыл округтерінің тұрғындары мен кәсіпкерлеріне «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру» туралы семинар-кездесулер өткізді. Филиал директоры Бурxанов Сарсен Сайрам ауданы Қарабұлақ, Арыс, Көлкент ауыл округтерінің тұрғындары мен кәсіпкерлеріне «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру» туралы семинар-кездесулер өткізді. Бүгін «ONTUSTIK» КҚКО Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында, аудандағы өз ісін жүргізетін шаруалар, ісін жаңадан бастауға ниет білдірген кәсіпкерлерге кооперативтерді құру жөнінде түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, жиын өткізілді.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.