17-04-2024
16.3 C
Шымкент

ЭКСПО-ға арналған веломарафон өтті

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара ауданының тұрғындары елімізде спорттың дамуына мол үлес қосып келе жатқан аудан. Мұнда тек ауданның, облыстың ғана емес, еліміздің атын аспандатып жүрген, еліміздің көк туын талай жарыста желбіреткен спорт майталмандары көптеп шыққан. Ауданда спорт саласы жақсы дамыған. Аудан спортшылары біріге отырып ЭКСПО-ны қолдау мақсатында көптеген іс шаралар өткізіп келеді. Күні кеше Астанада шымылдығы ашылған «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінің құрметіне орай Шардара қаласында веломарафон ұйымдастырылды. Әуежай алаңында өткен аудандық іс-шараға аудандағы спорт мектептері, қала, ауылдық округтерден құрама командалар келіп қатысты. Кілең мықтылар қатысқан жарыс өте тартысты өтті. Жүлде қоры болғандықтан өзінің мықты екендігін дәлелдеу үшін доданың көрігін қыздырғандар көп болды. 250-ге жуық велосипедшілер арасында өткен жарыста бірінші орынды жасайтын №2 БЖСМ командасы (команда жетекшісі Е.Полат) жеңіп алды. Ал, екінші орынды жасайтын аудандық атлетизмнен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы (команда жетекшісі М.Әбдіраханов) еншілесе, үшінші орынды жасайтын №1 БЖСМ командасы (команда жетекшісі А.Әбдіш) қанжығаға байлады.  Марафон жеңімпаздары сый-сияпаттармен марапатталды.
«Шардараспорт-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР