19-04-2024
24.3 C
Шымкент

ОҚО-да «Болашақ энергиясы» атты шоу бағдарламасы өтті

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған  көрмесінің ашылуына орай, Оңтүстік-Цирк мекемесі Шымкент қаласындағы «Қиял əлемі» саябағында «Болашақ энергиясы» атты  шоу бағдарламасын ұйымдастырды. Шарада облыстық мәдениет басқармасына қарасты  Оңтүстік-цирктің эстрадалық джаз оркестрі мен әртістері өнер көрсетті. Екі бөлімнен тұратын ерекше  жоба аясында цирк мекемесінің «Х БЭНД» эстрадалық джаз оркестрінің сүйемелдеуімен отандық және шет елдің танымал заманауи  шығармалары  жанды дауыста орындалды. Оңтүстік-Цирк мекемесінің эстрадалық джаз оркестрінің бас дирижеры, халықаралық джаз фестивальдерінің лауреаты — Серік Өтегенов.  Кәсіби музыка мамандарынан құралған оркестр ұжымының концерті көрермен жүрегінен орын тапты. ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына орай өткізілген жанды дауыстағы цирк оркестрінің кешіне қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Нұрлан Байгөзов қатысты. Мұнан бөлек, көрерменге Оңтүстік-Цирк əртістерінің «РЕД-ШОУ» жобасы аясында «Болашақ энергиясы» заманауи жарық эффектілі шоуы да жол тартты. «Болашақ энергиясы» атты ЭКСПО-ның нышаны күн қуаты, су қуаты және жер қуаты атты үш элементтен тұратындықтан цирктің фаер-шоу, жарық-шоу және акробаттары мен шоу балет əртістері аталған көріністерді сомдады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР