Бүгінгі таңда елімізде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2017 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету саласында 26 нысанның құрылысына 3,1 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға, негізінен, су құбыры мүлдем жоқ 10 елді мекенге (яғни, 12 335 мың халық) жаңа ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тағы 3 елді мекендегі (6,2 мың халық) тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылатын болады. Соның арқасында биылдың өзінде облыстың қалалардың 94 пайыздан  (1204,3 мың адам) астам халқын ауыз сумен қамтамасыз ету көзделсе,  ауылдық жерлердегі тұрғындардың 74 пайыздан астамына (620 елді мекен) таза тіршілік нәрін жеткізу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, облыстың Қазығұрт, Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының 800 мыңнан аса халқын сапалы ауыз сумен қамту өзекті мәселе болып отырғаны жасырын емес. Осыған орай, бұл мәселені шешу мақсатында Өгем өзенінен көлемі секундына 3-3,5 м3-қа дейін суды бұрып, ауыз су ретінде пайдалану қарастырылып жатыр. Енді аталған аудан, ауылдар алдағы уақытта судан тарықпайтын болады.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.