18-04-2024
23.3 C
Шымкент

Ынтымағы ұйысқан өңір…

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру». Президент мақаласы ел дамуының алғышарты іспетті. Маңызды құжатта ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып істеуге бағытталған іс көп. Ең бастысы – әркім, әр сала өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінуі қажет. Жаһанданудың жаңа жағдайын қалыптастыратын тарихи құжат ел арасында әлі де қызу талқыға түсуде. Қоғамдық келісім кеңесі. Келелі жиынға келген қауым әңгімені бірден өзекті, өткір мәселелерден бастады. Жасыратыны жоқ, соңғы кезде жастар арасында қылмыс өршіп тұр. Етегі ерте түрілген қыздар бұғанасы бекімей, ана атанып жатыр. Салдарынан шаңырақ құрмай жатып, ажырасушылар да көбейген.

Татулық, достық, бірлік. Бұлар — қашан да тындырымды тірліктің формуласы. Алқалы мәжілісте аудандағы ұлтаралық, этносаралық мәселелер де әңгіме өзегіне айналды.  Ынтымағы ұйысқан ОҚО Мақтарал ауданында да 60-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бар. Олар бүгінде бейбіт ғұмыр кешуде. Тыныштық орнаған жерде ғана экономикалық ахуал жақсарады.  Әлеует әлденеді. Елбасы атап көрсеткендей, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін  бәсекелестікке  барынша  бейім ұрпақ өсіру қажет. Жастарды рухани  күрескер етіп  тәрбиелеу маңызды. Демек, ұлт пен ұрпақ  деген проблемада сананы уақыт талабына сай бейімдеген жөн. Ал, бұл мәңгілік ел үшін тарихи қажеттілік.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы             

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР