19-04-2024
14.3 C
Шымкент

Біздің күшіміз бірлікте

Жуырда ОҚО Созақ ауданындағы «Қаратау»  бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қаратау» кенішінде Оңтүстік аумағында орналасқан жер асты қазба байлығын игерумен айналысып жатқан кеніш басшылары мен өкілдері бас қосты. Басқосу бейресми форматта өтті. Басқосудың негізгі мақсаты «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы  акционерлік қоғамының оңтүстіктегі кеніштерінің басшыларымен танысу, ішкі өзара байланысты нығайту, өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын қарастыру, «Трансформация»  бағдарламасының жүзеге асырылу барысы,  «Сандық кеніш» бағдарламасын енгізу болып табылды. Келген қонақтар кеніштің өндірістік және әлеуметтік нысандарын  аралап, материалдық базасымен танысты. Сонымен, 17 кеніш басшыларымен  өкілдері бас қосқан кездесуде айтулы шараны ұйымдастырушы «Қаратау» кеніші директоры Болысбаев Ерлан Елібайұлы бейнефильм арқылы «Қаратау» кенішінің құрылу тарихы мен өндірістің өрелі істері жайлы әріптестеріне баяндап берді. Мол дастархан басында өндіріс басшылары өзара пікір алмасып, ұтымды ұсыныстарымен бөлісті. Кеніш басшылары арасында бұдан былай әріптестікті нығайту көзделді.Қонақтар осы күні «Қаратау» кеніші ұйымдастырған, өндіріс қызметкерлері мен еңбеккерлері арасындағы  /баскетбол/ спорттық  ойыны бойынша өткен турнирдің қорытынды ойынын тамашалады.  Жеңімпаз командалар мен жеке ойыншылар арнайы марапатталып, бағалы сый- сияпаттар тапсырылды. Барлық қонақтарға қонақжайлылық танытылып, аталған кеніштің шаруашылық қызметкері, жеке кәсіпкер Ыдырыс Жұманазаровтың ас мәзірінен дәм татты. Игілікті шара соңында келген қонақтар «Біздің күшіміз бірлікте» тақтасына тілектерін білдіріп, қолтаңбаларын қалдырды.

Нұржамал МАЙУСОВА

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР