20-04-2024
23.3 C
Шымкент

10 елдімекенді жарықпен қамтамасыз етуде

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында шағын су электр стансасы іске қосылды. Сағатына 1 мегаватт қуат өндіретін нысан қазір 10 елді мекенді жарықпен қамтамсыз етіп отыр. «Қызылсеңгір елді мекенінде бұрындары жарық жиі өшетін. Үйдегі тоңазытқыш пен теледидар қатар қосылса болды, бөлме іші ала-көлеңкеге айналатын еді», – дейді Құрманғазы ақсақал. Қазір ауылдың маңынан шағын су электр стансасы салынғалы электр энергиясының сапасы артқан. -Жарық өшіп қалушы еді. Ал енді шағын электр стансасы «Достық» іске қосылғалы электр қуаты толық беріледі. Үйдегі құрылғылардың жұмыс істеуі бұрынғыға қарағанда жақсы болды»,-дейді ауыл тұрғыны Құрманғазы Тасболтаев. Әдетте су электр стансасы үлкен өзеннің бойына салынатын. Бұл жобаға мамандар үш жыл уақытын арнапты. Әуелі станса орналасқан жер есептелініп, тиімділігі тексеріліп барып, таңдап алыныпты. Сосын Ресейде жасалынған қондырғылармен жабдықтаған. Шағын станса үлкен Келес магистралды канал арқылы ағып келген суды айналдырады. Осылайша қуат өндіріледі.  -Каналдың суын пайдалана отырып, 3 генератор жұмыс істейді. Олар 6,5-7 куб суды пайдаланады. Біз төбе жағынан бассейнге толықтырып, ол суды сосын бері қарай 500 метрге суды айдап, трубинадан өткізіп, кейін қайта каналға суды жібереміз. Бұл жерде біз судың тек күшін пайдаланамыз»,-деді кәсіпкер Ділшад Рақымжанұлы. Шағын су электр стансасы елді мекенді жарықпен қамтып қана қоймайды. Осында тұратын жергілікті 10 азаматқа жұмыс беріп отыр. Алдағы уақытта осы өңірден қуаттылығы 2,5 мегаватты құрайтын тағы бір станса салынады деп жоспарлануда. Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын бұл су электр стансасы қазір Қазығұрт ауданы пайдаланатын қуат көзінің бестен бір бөлігін береді. Ал елімізде мұндай шағын электр стансалары көбейер болса, электр қуаты үшін сыртқы тәуелділіктен арыларымыз анық.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР