16-04-2024
17.3 C
Шымкент

«Химфарм» өнімдері Өзбекстан нарығына шығарылады

Елбасының Өзбекстан Республикасына жасаған сапары аясында ұйымдастырылған екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен қазақ-өзбек бизнес-форумы кезінде Оңтүстік кәсіпкерлері мен өзбекстандық бизнесмендер арасында сауда-экономикалық туралы 7 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Сондай-ақ, Қазақстан бойынша құны 1,2 млрд АҚШ долларын құрайтын бірнеше келісімдер түзілді. Сондай тиімді келісімдердің біріне еліміздегі 200-ден астам дәрі-дәрмек шығарумен айналысатын «Химфарм» акционерлік қоғамы қол жеткізді. Елдегі осы саладағы жетекші кәсіпорын бұған дейін көрші Қырғызстан Әзербайжан, Түркіменстан, Монғолия сынды елдерге өз өнімдерін экспорттап келген болса, енді міне Өзбекстанға өз өнімін шығармақ. «Біз бұған дейін көрші Қырғыстан Әзербайжан, Түркіменстан, Монғолия сынды елдерге өз өнімдерімізді экспорттап келген болатынбыз. Енбі міне Өзбекстанға да өнім шығару мүмкіндігіне қол жеткізіп отырмыз. Енді құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін жыл соңына қарай осында тауар экспорттаймыз»,-деді «Химфарм» АҚ-ның экспорт бойынша директоры Елена Фамино. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қазақстандық 300-ден астам кәсіпкер қатысты. Іскерлік кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысынан өңір басшысы бастаған 150-ден астам кәсіпкер қатысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР