Жоғары сұрыпты ұн өндіреді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ордабасы нан» ЖШС-i тәулiгiне 200 тонна ұн шығарса, биыл диiрменнiң өндiрiс қуаттылығы екi есеге ұлғайтылған.

Бүгінде тәулігіне жалпы көлемі 450 тонна ұн өндіретін негізгі екі диірмені бар. Кәсіпорын «Бизнестiң жол картасы – 2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында «Даму» кәсiпкерлiктi қолдау қоры арқылы 470 миллион теңге несие алған. Бидайды Қазақстанның барлық өңiрiнен сатып алуда. Кәсiпорын ұнға деген iшкi сұранысты өтеп қана қоймай, Өзбекстан мен Ауғанстанға экспортқа шығаруда. Алдағы уақытта ҚХР-ға да жiбермек. Мұнда үш ауысымда жергiлiктi 104 тұрғын еңбек етуде. «Ордабасы Нан» компаниясы жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ұн өндіреді. Компания нарықта 8 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан, аймақтағы ең ірі өндірушілердің бірі. Зауыт аумағы 4 гектардан астам алаңды қамтып жатыр. Кіре берісте шикізатты, сонымен қатар шығуда дайын өнімді зерттеуге арнайы тағайындалған зертхана жұмыс істеп тұр.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.