20-04-2024
12.3 C
Шымкент

Құтқарушылар күні атап өтілді

ОҚО Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі 19 қазан Құтқарушылар күніне арналған мерекелік іс-шараны өткізді. Іс- шараға Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары М. Жанесен, жалпы бөлім басшысы Б. Жүрсінбаев қатысты.
Бөлім бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Азимбаев салтанатты іс-шараны ашып, қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Дербисовтің құттықтауын жеткізді. Айта кету керек, осыдан біраз уақыт бұрын облыс әкімі Ж. Түймебаевтың департаментке 35 техника табыстаған болатын. Бұл құтқарушылар қызметін біршама жеңілдетіп, жұмысты дер кезінде атқаруға сеп болмақ.   Сонымен қатар, аудан әкімінінің алғыс хаты 6  қызметкерге, аудандық мәслихаттың алғыс хаты 13 өрт сөндірушіге табысталды. Түлкібас ауданының ТЖБ қызметкерлері бас маман А. Қоқыров және аға инженер М. Жайлауова «Қазақстан Республикасы полициясына — 25 жыл» мерекелік төс белгісімен марапатталды.  Жалпы, құтқарушы қызметі үлкен жауапкершілікті талап ететіні анық.

ОҚО ТЖД Түлкібас ауданының ТЖ бөлімі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР