18-04-2024
22.3 C
Шымкент

Еңбектері еленді

«Нұр Отан» партиясы ОҚО  Арыс қалалық филиалының 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, филиал қызметкерлері әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне орай, әлеуметтік қорғау ардагерлерін, қызметкерлерін марапаттау «Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек» атты іс-шарасы аясында Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев – сіздер, қоғамның ең осал әлеуметтік топ өкілдерімен тығыз қарым –қатынаста жұмыс жүргізіп, оларға қызмет көрсетуде, проблемаларын шешуде риясыз қызмет көрсетіп Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек етіп келесіздер. Сондықтан да сіздер қандай да болмасын құрметке лайық азаматтсыздар деп, бөлім қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап бірнеше бөлім қызметкерлері мен ардагерлерін шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарының қамқорлығы мен ықыласын тілей отырып елімізге қызмет етудегі мінсіз адал еңбектері үшін партияның қалалық филиалының алғыс хатымен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР