16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Дизайнерлер бас қосты

Рухани жаңғыру тек өнер-білімде ғана емес, еліміздің өндірісінде де орын алуы тиіс. Бабалардан қалған жібек, қылшық, былғары өніміне әлемдік сұраныс жоғары. Осы мақсатта Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қаламыздағы зерлеп, ұлттық киімдер тігетін кәсіпкерлер мен дизайнерлердің басын қосты. Арнайы семинар-тренинг өткізді. Басқосуға келген  жобалық кеңсе жетекшілері, қолөнер шеберлері мен тігіншілікпен айналысатын мамандар ұмытыла бастаған  ұлттық құндылықтарды әңгімеге арқау етті. Елбасы мақаласында айтылған ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында ата-бабамыздан қалған құнды дүниелерімізді дәріптеу мәселесі де ұмыт қалған жоқ. Ұлттық киім түрлерін бүгінгі заман талабына сай күнделікті тұрмыста киюге ыңғайлы етіп, жасау… өндірушіге де, тұтынушыға да оңтайлы болады. Сонымен қатар, өңірімізде қолға алынған пилоттық жоба — жібек өндірісі көптің көңілін аударды. Жібек құртын өсіріп, одан табиғи таза өнім алу тиімділігін Сұлтанбек Бакиров баяндады.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР