19-04-2024
21.3 C
Шымкент

Әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

Оңтүстік Қазақстан облысында көп балалы отбасы және мүгедек жандарға жанашырлық танытатын қызметкерлердің кәсіби мерекесі аталып өтілді. Мақтарал ауданында ұйымдастырылған шарада бірқатар әлеуметтік қызметкерлер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасы Жарлығына сәйкес, қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесі болып бекітілген. Мемлекет қамқорлығына мұқтаж зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ әлеуеті төмен отбасыларға үнемі көмектесетін сала мамандары кәсіби мерекесін аудандық мәдениет үйінде атап өтті. Жиында аудан басшылары құттықтау сөз сөйлеп, атқарылған ауқымды жұмыстарға төталып өтті. Мәселен, ауданда 10 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар болса, оларға жұмыспен қамту бөліміне қарасты 11 бөлімшеде 180-нен астам маман қызмет көрсетеді. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі оңай деуге келе қоймас. «Мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызілікті қарияларға медициналық, психологиялық тұрғыдан көмек көрсетіледі. Әлеуметтік қызметкерлер өз қарауындағы әрбір жанға қашанда жан жылуын сыйлауға әзір. Сондықтан бұл мерекенің әлеуметтік қызметкерлер үшін маңызы зор», — деді аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков.inform.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР