20-04-2024
21.3 C
Шымкент

Латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдайды

Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүсіпбекпен кездесіп, латын әліпбиіне көшу төңірегінде әңгіме қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған кездесуде жастар Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкеріне қазақ елінің латын әліпбиіне көшу бастамасы бойынша түрлі сауалдарын қойды. Мақалада екшелген латын қарпіне көшу туралы идеяны түркістандық студенттер қолдайтындарын айтып, ресми түрде бекітілген жаңа алфавит көптің көңілінен шыққанын атап өтті. «Латын әліпбиінің қабылдануы — істің бастауы ғана. Оны түбегейлі жүзеге асырып, қолданысқа енгізу жолында қыруар шаруа атқарылады. Сондықтан да жаңа бағытта, жаңа көзқараспен өмір сүріп, қоғамға латын әліпбиінің өміршеңдігін ұқтыру — жас мамандардың қолында», — деді профессор Әлімхан Жүсіпбек . Оның сөзінше, әліпби — тілдің дыбыс құрамы, таңба — дыбыстың қауызы. Ал, емле мен ереже әліпби мен таңбаның ұлттық дәнекері. Олай болса, әліпби таңбасы мен ережесі үйлескен жазу тіл дербестігінің кепілі болмақ. Жиында бас қосқандар осындай пайым жасады.іnform.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР