15-04-2024
13.3 C
Шымкент

ОҚО-да жігіттің сұлтандары бақ сынасты

Оңтүстік Қазақстан облысында «Жігіт сұлтаны-2017» байқауы өтті. Облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырған шараға аудан-қалалардан 14 үміткер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған байқауда сыры мен сымбаты, бойы мен ойы келіскен, сегіз қырлы бір сырлы, сайдың тасындай жігіттер бағын сынады. Үміткерлер «ширату» кезеңінде үй шаруасына ептіліктерін сынап, жан-жақтылығын байқатты. Кейін Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда сайыстың екінші кезеңіне қатысты. Онда сайысқа бел буып, талаптың тұлпарына мініп келген жігіттер 3 бөлім бойынша бақтарын сынады.

Қазылар алқасы құрамында ақын-сазгер Әбдіқалық Әбдіраймов, «Түркістан» сарайының директор орынбасары, Көкшетау қаласында өткен республикалық «Жігіт сұлтаны-1995» байқауының бас жүлдегері Құрмаш Жылқыбай мен қолданбалы өнер шебері Мұхтар Атахан қазылық етті. Байқау қорытындысымен жеңімпаздар анықталып, нәтижесінде Арыс ауданынан келген үміткер 3-ші орынды иеленсе, отырарлық ер азамат 2-ші орынды жеңіп алды. Ал Сарыағаш ауданынан келген қатысушы 1-ші орынға лайық деп танылса, бас жүлде Ордабасы ауданынан келген сері жігітке бұйырды. Байқаудың барлық қатысушылары мен жүлделі орын иегерлеріне марапаттаулар мен қаржылай сыйлықтар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР