16-04-2024
17.3 C
Шымкент

Маман даярлау мәселесі өзекті

Техника мен технология қарыштап дамып жатқан заманда ең озық деген тәжірибенің өзі 4 жылда тиімсіз болып қалады. Бұл үнемі жаңғырып, жаңарып отыру керек деген сөз. Әсіресе, маман даярлау ісінде сұранысқа сүйеніп, қажетті кадрды дайындау маңызды. Осыны жетекшілікке алған Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті мамандарды дайындау аясында әлеуметтік серіктестікті дамытудың жолдарын қарастырды. Арнайы семинарды осы тақырыпқа арнады. Оған жұмыс берушілер мен осы оқу орнын бітірген түлектер қатысты. Бүгінгі семинарға жалпы осы оқу орнымен тығыз жұмыс істейтін 50-ден астам жұмыс беруші мекеменің өкілдері қатысты. Оларға алдымен, оқу орнының бүгінгі базасы таныстырылды. Маман даярлау ісінде ширек ғасырлық тәжірибесі бар университет… қазір 29 бағытта бакалавр, 11 салада магистрлерді оқытады. Ал, ыстық ұядан түлеп ұшқандарға жұмыс табу бойынша арнайы бөлім көмектеседі.

Акмалдин Ажидинов – Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінің проректоры: Осы бөлім біздің түлектердің жұмысқа тұруына жәрдем береді. Сол бөлім жұмыс берушілер мен және облыстық жұмыспен қамту басқармасы мен жұмыс істейді…

Аталған оқу орнымен тығыз жұмыс істейтін білім ордасының бірі — Оңтүстік Қазақстан жоғары педагогикалық колледжі. Бүгінде мұнда осы жоғары оқу орнының 20 түлегі жұмыспен қамтылған. Қазір өз ісінің сақа мамандары ретінде мойындалып отыр.

Гүлнәр Ибрагимова — Оңтүстік Қазақстан жоғары педагогикалық колледжінің директоры: Біздің университетте 18 осы университеттің түлектері жұмыс істейді. Оның ішінде зам директорымызда осы университеттің түлегі. Деканымызда бар. Мұның барлығын айтып отырған себебім бұл университет түлектерінің деңгейі өте жоғары.

Жеке сот орындаушы болып жұмыс істейтін Асхат та — осы оқу орынының түлегі. Кезінде осындағы ұстаздардың дұрыс жол сілтеуінің арқасында бағытын айқындаған. Қазір де өзі білім алған университетпен тығыз байланыста.

Асхат Сатыбалдиев – Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінің түлегі:  Осы жерде алған білімімнің арқасында лицензия алып, дайын маман болып, жеке сот орындаушы қызметін атқарып жатырмын. Одан бөлек, осы университеттің бітірген студенттерін жұмысқа шақырып, 2020 бағдарламасымен қазір жұмыс жасап жатырмын.

Оқу орны өздерінде білім алған жастарды жұмыспен қамтып, олардың қызметте өсуіне бағдар беру ісін жалғастыра бермек. Өйткені, тәжірибелі шәкір, білікті маман – білім биігінде бәсекеге қабілетті болуға септігін тигізеді.

МАҚСҰТ Жарылқасын   

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР