16-04-2024
17.3 C
Шымкент

«Шпаргалка» сізге көмектеседі

Бүгінде кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндер көп. Бірақ, оларға бағыт бағдар көрсетіп, кәсібіне жол нұсқайтын орындар көп дей алмаймыз. Кәсіпкерлікпен айналысуды жоспарлап немесе бизнесін кеңейткісі келетін тұлғалар болса, шағын хабарландыру! Жуырда сондай азаматтар үшін облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық әкімдік бірлесіп, көмекші құрал әзірледі. Онда кәсіпкерлікті қаржылай және қаржысыз мемлекеттік қолдау түрлері, сол қызметті көрсететін ұйымдар тізімі берілген. Облыс аумағындағы индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардағы тыныс-тіршілік, олардың артықшылықтары, іске асыруға болатын кәсіпкерлік бағыттары жөнінде де тұшымды ақпар бар. «Шпаргалка» деп аталатын көмекші құралда сондай-ақ, экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау түрлері, бизнеске пайдалы веб-сайттар туралы қысқаша ақпарат жазылған. 80 беттен тұратын кітапшада бас прокуратураның «Qamqor» мобильдік қосымшасы мен кәсіпкерлерге арнап жазылған кеңестер де бар.  Сол кеңестермен танысып, ақпараттарды жадыңызға тоқып, кәсіпті бастауға да болады. Сондықтан, алуға, кәдеге жаратуға асығыңыз!

АЙЖАН Әшірхан  

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР