17-04-2024
22.3 C
Шымкент

Нақты істер мен жоспарлар іске асады

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге бағытталған. Ордабасы аудандық сотында бас қосқан белгілі тарихшы-ғалымдар осылай деп, топшылайды. Олар латын қарпіне көшу сан-саланың дамуын тездететініне сенімді. Жиында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының түстік өңірде қалай жүзеге асырылып жатқаны кеңінен сөз болды. Президент Жарлығымен бекіген латын әліпбиіне қатысты өз ойларын тарихшылар да ортаға салды. Олар жас ұрпақтың санасын мәдениет, тіл, әдет-ғұрыптар мен ұлттық құндылықтар арқылы жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды.

Саттар Мәжитов – Тарих ғылымдарының докторы, профессор-академик:  — Терең ойлар, идеялар, оларды тыңдап, арнайы сараптап, соның нәтижесінде үлкен бір жобалар жасау. Жалпы, ОҚО-ның ерекше осы мәселелерге деген көзқарасын көрсету. Біз қазір рухани жаңғыруды әрқалай түсініп жатырмыз. Нақты істерді көрсету, руханияттың орнын сезіндіру қажет.

Бақытжан Мұстафаев – Шымкент қалалық білім бөлімі жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы директорының орынбасары: Қазіргі жаһандану процесінде біз өзіміздің ұлттық кодымызды, ерекшеліктерімізді, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, түрлі тыйымдар мен ырымдарымызды, және тағы бір үлкен мәселе – Жаңа есімдерді дәріптеу. Осы іс-шаралар қазір күн тәртібіне қойылып отыр.

Ал, мақалада айтылған прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, ұлттық код тұжырымдамалары турасында студенттер ашық ой білдірді.

Аружан Чакмак — №18 колледждің студент: Менің ойыма түйгенім, біз үлес қосуымыз керек. Бұл мемлекет – біздің мемлекетіміз, оны дамытуымыз қажет. Рухани жаңғыруымыз, іштей жаңғыруымыз. Мемлекет бізге сенеді. Біз оның үмітін ақтауымыз керек. Дамыту – біздің қолымызда.

Осындай басқосулар негізінде еліміздің «Рухани жаңғыру» бағытындағы нақты істері мен жоспарлары іске асады. Тарихшылар бұл тұста «Сөзден іске!» қағидасын ұстанып отыр.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР