16-04-2024
17.3 C
Шымкент

Бағдарлама басты бағытымыз

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасында маңызды мәселелер бар. Туған жердің сай-саласына дейін тарихтан сыр шертетінін атап көрсеткен Ұлт көшбасшысы жеріміздің әрбір тасына дейін қамқорлық жасауға назар аудартады. Киелі ауданымыздың тарихи жәдігерлері мен тау, орман-тоғайы ұлттық қазынамыз болып саналады.Өз өлкеңе қамқорлық ету дегеннің аясы кең. Ұшқан құс пен жүгірген аңға дейін біздің байлығымыз.
Сондай-ақ туған жерге, өскен ортаға, қоршаған табиғатқа қалыпты, шынайы патриоттық сезім әркімде болуы тиіс. Әсіресе бүгінгі өскелең ұрпақты өзінің қоршаған ортасына деген оң көзқарасын қалыптастыру маңызды деп білемін. Мектептердегі жас натуралистер ұйымы жүйелі түрде жүргізіліп, оқушылар арасында «Туған жер» бағдарламасы аясында табиғатты қорғау туралы суретшілер байқауы өтіп тұрады соңғы кездері. Мұндай іс-шаралар облыс көлемінде өткізіліп отырылады. Ұйымдастырылған шаралардан біз да қалыс қалмаймыз. Бұл шаралар жас ұрпақтың санасына туған жерді қадірлеу, өскен ортаны құрметтеу сезімін сіңіретіні анық.
Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Боралдай филиалының ұжымы Елбасының бағдарламалық мақаласын оқып, танысып, ондағы айтылған өзекті мәселелерді өзара талқылады. Осы бағдарламаға сай жоспар түзілді. Мемлекеттік мекемеге қарасты аумақтарды ерекше қорғалатын жерлерге демалушылардың назарын аударатын үгіт-насихат құралдарын ілу жұмыстары жүргізілді. Елбасы бұл бағдарламаны жүйелі әрі жинақылықпен қолға алуды тапсырған болатын. Сондықтан да аталған бағдарлама біздің басты бағытымыз болып саналады.

Т.ЖОЛДАСОВ,
Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Боралдай орманшылығының №3 айналымының орман қорықшысы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР