16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Әдеп кодексі талаптарының орындау — мақсат

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің моралды-этикалық жағынан ғана емес, олардың күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысына байланысты да талап қояды. Оны орындау мемлекеттік орган қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Осы Әдеп кодексі талаптарының орындалуын зерделеу мақсатында ОҚО Созақ ауданының Шолаққорған, Таукент, Сызған, Қарағұр ауыл округтерінде жиын өтті. Жиынға, ауыл округ әкімдері, іс жүргізушілер мен мемлекеттік қызметшілері, білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары қатысты. Семинарда аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Оразов, әдеп кодексінің талаптарын айтып өтті. Мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында, басқа уақыттарда өздерін қалай ұстауы, олардың моралдық құқықтық жағынан сауатты болуы сөз болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бес институционалды реформаны іске асырудың 100 нақты қадамын айқындағаны белгілі. Бұл бес институционалды реформа – ел дамуының кепілі екендігі баршаға аян. Аталған ұлт жоспарының алғашқы он бес қадамы Кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған. Бұл өткізіліп отырған семинар осы бағыттағы нақты іс шаралардың бірі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР