16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Инновациялық жобалардың байқауы өтеді

Шымкентте инновациялық жобалардың «On’tu’stik startap» байқауы өтеді. Байқауды «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп жариялап отыр. Жоба облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде іске асырылуда. Байқаудың ерекшелігі — «ON’TU’STIK» телеарнасында телевизиялық форматта өтетін болады. Айта кетейік, инновациялық жобалар байқауы Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен іске асырылады. Байқаудың негізгі мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 2 млн теңге. Байқаудың өзектілігі – мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Бәсекелік қабілет» ұстанымын жастар арасында кеңінен насихаттау. Байқауға қатысу үшін Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы, 83/1 ғимаратта орналасқан Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасында өтінім үлгісін толтыру қажет (эл.пошта: m.tursunbekova@palata.kz). Өтінім нысанының үлгісі, оны толтыру тәртібі және құжаттар топтамасының тізімі Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерінде бар. Сондай-ақ сіз өтінім үлгісін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының shymkent.atameken.kz ресми сайтынан жүктей аласыз. Балмаржан Нарбекова, ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы: «Біз бұл байқауды дәстүрлі түрде, жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Себебі, кәсіпкерлік саласы — еліміздің дамуына серпін беретін маңызды салалардың бірі. Жастар кәсіпкерлігін қолдау, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын қазіргі уақыттағы дамыған мемлекеттердің тәжірибиесі көрсетіп отыр.» Бауыржан Молдабеков, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы: «Біз жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында әріптес ұйымдармен бірлесіп, «ON’TU’STIK STARTUP» инновациялық жобалар байқауын жарияладық. Жоба аясында қатысушыларға жеке кәсіп ашу бойынша арнайы тренингтер ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар облыстық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері тарапынан бизнес жобаларды әзірлеу бойынша кәсіби кеңестер алуға мүмкіндік беріледі.»

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР