16-04-2024
18.3 C
Шымкент

Ет, сүт өңдейтін кәсіпорындар ашу маңызды

ОҚО Шардара ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті. Онда ауданның табысты кәсіпкерлері бас қосып, кейбір істі еңсеруде… бірлескен жобаның маңызды екенін айтты. Кім қай бағытты қолдауға әзір? Шардара қаласында ет, сүт өңдейтін кәсіпорындар ашу – жиын қатысушыларын толғандырған маңызды жобалардың бірі. Егер ол іске асса, қаланың әлеуеті артып, тұрғындар арасында жұмыссыздық азаяды. Осылай деген кәсіпкерлер бір-бірімен озық тәжірибелерімен алмасып, бірлескен бизнес құру бойынша кеңесті.

НҰРБОЛАТ  ОРЫНБАЕВ  — ШАРДАРА ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:  Екінші мақсатымыз, жаңадан бізде дүкендер, дәмханалар, кафелер, өзге де кәсіпкерлік мақсаттағы нысандар ашылып жатады. Көп ұзамай жабылады немесе басшысы ауысады осындай жағдайлар орын алып жатады. Сондықтан мұндай кәсіпке ондай орындардың аша берудің қажеті жоқ шығар деп үлкен кәсіпкерлерден ақыл-кеңес сұрағанымыз бар.

Шардара қаласында биылдың өзінде жалпы құны 620 млн. теңге болатын бюджеттік емес инвестиция тартылған. 38 нысан бой көтеріп, 197 адам жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда: балық өңдеу зауыты, сауда орталығы, медициналық орталық, мейрамхана, кіші жабық стадион, дәмхана,  автожуу орындары ашылып, ел игілігіне берілді.

МҰРАТБЕК МАЛИКОВ – ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  Шардара қаласының әкімшілігінің ұйымдастырып отырған жиынына разымыз. Көп рахмет, осындай жиындарды ұйымдастырып, кәсіпкерлерге көп нәрсе үйретіп жатқандарыңызға. Біз мына Шардара қаласында да кондитер өндірісімен айналысамыз. Шардара ауданын толық қамтамасыз етеміз. Бизнестің жоспарлауы бойынша біз 2015 жылы шағын несие алдып, сол өндірісімізге керекті құрал – жабдықтар алдық. 2016 жылы тағы да несие алып, одан әрі дамытып, жоғарылатып келе жатырмыз.   Осылайша, еңбекпен есейген шардаралық кәсіпкерлер алдағы уақытта ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына еселі үлес қосуға уағдаласты.

АЙЖАН Әшірхан 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР