20-04-2024
16.3 C
Шымкент

Корейлердің қазақ жеріне қоныстанғанына — 80 жыл

Биыл корей ұлты өкілдерінің қазақ жеріне күштеп қоныстандырылғанына — 80 жыл. 1937 жылы «Жапон тыңшылары» деген желеумен жер аударылып, «сенімсіз халық» деп танылған осы бір еңбекшіл жұрттың… бүгінде Мақтаралда… 5-ші жұрнағы… жарасымды ғұмыр кешіп жатыр. Олар… өздерінің қазақ халқына деген Алғысын… 80 жылдық мерейтойда… ағынан ақтарыла жеткізді. Мерекелік кешке ауданда тұратын барлық корей ұлтының өкілдері бір кісідей ат салысты. Жан ізгілігі мен сыпайылықты алдыңғы орынға қоятын халық… Кеңестік саясаттың құрбаны болған ата-бабаларының ауыр тағдырын еске алды. Қиын-қыстау кезеңде өз тұрмыстары мәз болмаса да, соңғы нанымен бөлісіп, суықта пана болған қазақ халқының дархан пейіліне ризашылықтарын білдірді.

Роза Пак  —  облыстық корейлер ассоциациясының төрайымы:  — 1937 жылда Сталиндік уақытта қиналып өмір сүргенде біз… Алла тағалаға шүкір, қазір бесінші буын болып, өмір сүріп жатырмыз. Сол қиын-қыстау кезінде қазақ халқы қолын жайып, бізбен сумен, шаймен, нанмен бөліскеніне… біз аман қалдық, корей халық аман қалдық. Соны біз ешқашан ұмытпаймыз! Біз ризамыз! Өте ризамыз!

1937 жылдың 9-қазанында Кеңестік Халық коммисариаты корейлерді Қазақстан аймақтарына орналастыру туралы арнайы Қаулы қабылдады. Бірақ көшіп келген корей қожалықтары белгіленген жоспардан асып түсті. 1938 жылдың ақпанына дейін Қазақстанға 20 789 корей отбасы, яғни, 98 454 адам жер аударылды. Міне, сол бір қатаң қыстан қазақ шаңырақтарын паналап, аман шыққан корей халқы ерен еңбектің арқасында бүгінгі күнге жетті. Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков екі халықтың арасында өзара ұқсастықтар бар екенін тілге тиек етті.

Мақсат Жолдасбеков – Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары: Біз тәуелсіздік алған жылдары Совет одағының осы аз халықтарға жасаған саясатын жасамай, керісінше, біздің көп ұлттылығымыз, біздің байлығымыз екенін дәлелдеу үшін сол бағыттағы шараларды дамыту бойынша Елбасы осынадай саясатын жасауды бастады. Және бүгін біз жемісін көріп отырмыз. Өте дұрыс жол таңдағанымызға бүгін көзіміз жетіп отыр. Ал енді корей ұлтына келетін болсақ, корей ұлты шындығында өте еңбекқор, өте үлкенді сыйлайтын былай айтқанда, тәрбиені өте көп көрген халық екенін біз өте жақсы білеміз.

Кеш барысында корей ұлтының бірқатар өкілдері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, ұлттың халық әндері шырқалып, мың бұралған бишілердің өнері көпті тәнті етті.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР