ОҚО Отырар аудан әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, жиынға ауданымыздағы үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен кеңес мүшелері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы Пердехан Жаппарқұловтың төрағалығымен өткен жиында жергілікті әкімдік пен қоғамдық бірлестіктер арасында жүргізілетін жұмыстар сараланып, алға нақты жоспарлар қойылды.
Кеңес отырысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдос Құлмаханов баяндама жасап, Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016 – 2020 жылдарға арналған Ұлттық жоспары, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу және қалыптастыру бойынша ҮЕҰ-мен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өзара іс-қимыл механизмдеріне тоқталды.
Келелі мәселелер көтерілген жиынды қорытындылаған кеңес төрағасы мемлекеттік бағдарламалар, жобалар мен бастамашылықтарды жүзеге асыру мақсатында тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бойынша кең ауқымда түсіндірулер жүргізуге ҮЕҰ өкілдерін тартудың маңыздылғын атап өтіп, қоғамдық бірлестік өкілдерін бірлесіп, жүйелі жұмыстар жүргізуге шақырды.

Пікір қосу