16-04-2024
17.3 C
Шымкент

Еңбеккерлер мерекесі аталып өтті

ОҚО Отырар ауданы Көкмардан ауылында аудан әкімі Ерлан Айтахановтың тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз-2017» мерекесі өтті.
Кәсіби мерекеге аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов қатысып, талаптылықтарды ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөзінде: «Күлімдеген көктем, жайдарлы жаз артта қалып, берекелі күзде ырысымен келіп отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де мерекенің мәнін ашуда. Жәрмеңкеде біріншіден, ауыл шаруашылық өнімдерін нарықтағыдан төмен бағада саудаланса, екіншіден жергілікті өнімдердің қандай да бір делдалсыз өткізілуіне қол жеткіземіз және өз өнімдеріміздің брендін қалыптастырамыз. Осы мақсатта бір ай ішінде осыменен үшінші жәрмеңке өткізілуде» деп атап өтті.
Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуына, облыстық деңгейдегі белгіленген межеден көрінуде Талапты ауыл округі еңбеккерлерінің қосқан үлесі орасан. Атап айтқанда, ауыл округіндегі «Құбан ата» шаруақожалық төрағасы Өсербай Жүнісов уақ мал шаруашылығын дамытса, Мұхтар Бейсенбиев жылқы малын өсіруде мол табысқа кенелді. Ал, дихандар Серік Дәуренбеков пен Үсен Әлшері жүгері мен бақша өнімдерін өндірді қолға алса, еңбекте үздік болған Ерғали Расулаев «Озат механизатор», Күлшат Сұлтанова «Үздік кәсіпкер» атанды. Осындай биіктерді бағындыруға өлшеусіз үлес қосқан шаруаларды ауыл округінің әкімі Динара Жипсыбаева арнайы алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпаттар табыстады.
Мерекелік концерттік шара соңы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен жалғасын тапты. Жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер қатысып, өздерінің өндірген өнімдерін халыққа базар бағасынан 20 пайызға төмен бағада ұсынды. Жәрмеңкеде халықтың айрықша сұранысына ие картоп, пияз, сәбіз, жұмыртқа қой еті, тауық еті, шұжық, қырыққабат, қызанақ, қияр және басқа да өнімдер делдалсыз, төмен бағамен сатылып, тұрғындардың көңілінен шықты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР