Сарыағаштағы оқиғаға байланысты жауапты тұлғалар жазаланды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың  төрағалығымен Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектептердегі орын алған келеңсіз жағдайға байланысты арнайы жиын өтті.

Жиынға облыстық құқық қорғау органдарының, Сарыағаш аудандық әкімдігі мен білім бөлімінің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиында әкім аталған оқиға дер кезінде назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылмағандықтан қоғамда  резонанс тудырғанына тоқталды. Қазіргі кезде заң шеңберінде тиісті жұмыстар атқарылып, арнайы жұмысшы тобы құрылды. Тексеру жұмыстары аяқталған соң нәтижесі қосымша жарияланатынын болады. Тергеу мәліметтері көрсеткендей,  қозғалған қылмыстық іске жауапты құрылым басшылары тарапынан жете мән берілмегендіктен осындай келеңсіз жағдайға жалғасып отыр. Осы жайтты ескерткен өңір басшысы Ж.Түймебаев ендігіде аталған мәселе қатаң бақылауға алынып, жүргізілу керектігін жеткізді. Жиын қорытындысында аталған келеңсіздіктің орын алуына жол берген бірқатар сала басшыларына түрлі деңгейдегі қатаң шаралар көрілетінін мәлімдеді.

Атап айтқанда:

1.Сәдібеков Ұ.–  облыс әкімінің орынбасары– қатаң ескерту;

2.Сағындықов И.– облыстық білім басқармасының басшысы – сөгіс түрінде шара;

3.Уразгельдиев Б. – Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы –  қызметінен  босатылды;

4. Ибрагимов Ә.– Сарыағаш ауданы, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы –  қызметінен  босатылды;

5. Сәриев Қ.– ювеналды полиция бөлімшесінің №73,№74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы – қызметінен  босатылды;

6. Бұралқиев А.– ОҚО ІІД ЖПҚ  ювеналдық полиция бөлім басшысы –  қатаң тәртіптік шара;

7. Әбдуәлиев Қ. – Сарыағаш ауданының әкімі –  қатаң сөгіс;

8. Қыстаубаев Қ. – аудан әкімінің орынбасары –  шара көру;

9. Майрихов Б. – Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы –  және №73, №74 жалпы орта мектеп  директорлары –  тергеу амалдары аяқталғанша жұмыстан шеттету.

Жиын барысында өңір басшысы облысымызға Мәжіліс депутаты, ҚР бала құқықтары жөніндегі  уәкілі Зағипа Балиеваның арнайы келіп, «жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық көрді» делінген баланың жай-күйімен танысқанын және оны Астана қаласындағы  арнайы мамандардың қатысуымен кешенді сот-медициналық сараптамасына өткізу үшін алып кеткенін жеткізді. Ендігі уақытта бұл мәселе қатаң бақылауға алынып, өңірдегі барлық білім ұяларында профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қосу