15-04-2024
15.3 C
Шымкент

Қазақ-Өзбек депутаттарынан Парламентарлық комиссия құрылуы мүмкін

Алдағы уақытта Қазақ-Өзбек депутаттарынан Парламентарлық комиссия құрылуы мүмкін. Ол екі елдің шекарасындағы жағдайды реттеумен айналысады. Бұл туралы Сарыағаш ауданында бас қосқан қос ел сенаторлары айтты.

Алқалы жиынға қазақстандық делегацияны Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Дариға Назарбаева бастап келді. Сонымен қатар, екі жақты кездесу кезінде Азия мемлекеттеріне ортақ туристік виза ашу жайы да сөз болды. Әзірге Қазақстан мен Өзбекстан арасын байланыстырып тұрған үш бірдей кеден бекеті бар. Соның бірі де бірегейі — «Жібек жолы» кеден бекеті. Шекара жайын талқылау үшін жиналған парламентарийлер алдымен, аталған бекетке барды. Сондағы жағдаймен танысты. Бүгінде екі ел арасындағы алтын көпір-бекеттен тәулігіне 10 мыңдай адам ары–бері өтеді. Бір мезетте 4 автокөлік жолға шығады. Келісім ізімен кедендегі ахуал жақсармақшы. Бұл жоспар іске асса,  арадағы байланыс та бекиді. Қос елдің екі жылдағы тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізу межесі де жақындайды.

Әлішер Құрманов Өзбекстан Республикасы Олий Мәжіліс Сенатының комитет төрағасы 

Екі мемлекеттің  халықтары куә, ынтымақтастығымыз жанданып келеді. Ек іелді Президенттері де әріптестікті жаңа деңгейге шығарды.  Бұл ретте параментаралық байланыстың маңызы зор Енді біз заңнамалық тұрғыдан болсын, басқа сұрақтар болсын, ортақ жұмыс істеуге дайынбыз

Жиында шекарадағы кейбір шиеленістер, қолдан жасалған кедергілер ашық айтылды. Сонымен қатар, тараптар оны шешу жолдарын ортаға салды. Сөйтіп, екі тарап Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтеріне бекеттердегі қалған кедергілерге тосқауыл қойып, көмектесеміз деп келісті. Дариға Назарбаева бұл тұста, Үкіметке 25-ке жуық ұсыныс әзірлепті.

Көрші елден бізге тоқыма бұйымдары, тұрмыстық техника, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, құрылыс материалдары, шыны және басқа да тауарлар тасымалданады. Ал, Қазақстан металл прокаты, ферроқорытпа, ағаш және ағаш материалдары өнімдерінің экспортын арттыра алады. Тек қана шикізат емес, азық-түлікті де жөнелтуге дайын. Дариға Назарбаеваның айтуынша, 2018 жылды Өзбекстанның Қазақстандағы жылы, 2019 жылды Өзбекстандағы Қазақстан жылы деп жариялаудың да маңызы зор.  Енді халықаралық ынтымақтастық орталығы мен жол картасы әзірленсе деген тілек бар. Ол үшін екі елдің парламенттері белсенді жұмыс істеуге дайын.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР