18-04-2024
20.3 C
Шымкент

Шымкентте жаңа арбат ашылды

Миллиондар мекені Шымкентті жасыл қалаға айналдыру жұмыстары жалғасуда. Бұйыртса, Шымкент каналы 20 шақырымдық жасыл желекке айналады. Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев алғашқы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай Бекет батыр арбаты ресми түрде ашылды. Салтанатты рәсімге бір топ депутат мен зиялы қауым өкілдері куә болды. Бұл нысан өнерпаздар орталығына айналғалы тұр. Қала шуынан оңаша, көгалы жайқалған Арбат — суретшілерге таптырмайтын құт мекен. Кез-келген адам тынығып, сейіл құруға лайықты орын.

Жансейіт Түймебаев – облыс әкімі

Бүгін қаланы одан әрі көгалдандырып, көркін ашатын демалыс орындарын санын арттыру мақсатында «Бекет батыр» арбаты халықтың игілігіне пайдалануға беріліп отыр. Бүгін міне осындай иігілікті шараның куәсі болып отырмыз. Олай болса жаңа арбат қала тұрғындарының жазда саялайтын, таза ауамен тыныстайтын демалыс орнына айналсын. Баршаңызға сәттілік, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін!»,

Арбаттың ұзындығы 1 шақырым шамасында. 2000 шаршы метр жерді аяқ жолдар алып жатыр. Жасыл желекпен 3600 шаршы метр аумақ көмкерілген. 700-ге жуық жөке, талшын, аққайың сынды ағаш түрлері мен 1000 түп раушан гүлі егілген. Түнгі арбатты жарық етуге 76 көше шамдары мен 45 кіші торшерлер қойылды. Сәнді орындықтар да демалысқа жайлылық сыйлайды.

ШЫМКЕНТ КАНАЛЫН АБАТТАНДЫРУ ІСІ БАСТАЛДЫ

Сондай-ақ, облыс әкімі 11, 12 шағынаудандары арқылы ағып өтетін Шымкент каналының маңындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы сала мамандарына ұзындығы 20 шақырымды құрайтын су арнасының көпқабатты тұрғынүйлер шоғырланған жағалауын демалыс орындарына айналдыруды тапсырған болатын.

Людмила Иванова – Шымкент қаласының тұрғыны

Мен немеремді ертіп, кейде баратын жер таппаймын. Енді мына канал бойы демалыс орынға айналса, керемет болар еді. Жұмысты жандандырып жатқандарға рахмет!

Шымкент – еліміздегі Астана мен Алматыдан кейінгі ең ірі қаланың бірі. Алайда, бұл мегаполистің ерекшелігі — географиялық жағдайы. Сондықтан, жері құнарлы шымқаланы гүл қалаға айналдыруға ауа-райы толық мүмкіндік береді.

К. ДҮЙСЕНБІ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР