Түркістанда мемлекет мұқтаждығы үшін алынып сүрілетін 168 нысанды бұзу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.Күні бүгінге дейін 30 нысан бұзылды.Жалпы 95 азамат мемлекет тарыпынан берілетін өтемақымен келісіп, үйлерін өз еріктерімен босатқан.Түркістанда мемлекет мұқтаждығы үшін алынып жатқан жерлердің әр соттығына 515 мың теңгеден қаржы төленуде. Мемлекет мұқтаждығы үшін сырылатын нысандар екінші, яғни «рухани-мәдени» аумақта орналасқан. Мұндағы 98 гектар жерде 168 нысан бұзылады. Бүгінге дейін 95 тұрғын келісімін берген.Соның бірі Ерболат Жорабеков. Ол мемлекет қажет дегесін өзінің баспанасын босатып берген. Ол ісіне өкінбейді.

Ерболат Жорабеков – Түркістан қаласының тұрғыны: Ақшамызды берді,үйлеріңді бұзып алыңдар деді. Заттарымыз жарайды. Рахмет. Көңілімізге қонды. Шүкір техника жағынанда көмек беріп жатыр. Әйтеуір адамдарда көмек беріп жатыр.

Мемлекет берген өтемақымен келіскендердің тағы бірі, Бақдаулет. Олда өз қаласының гүлденуі үшінүйін сүруге келіскен. Өзінің үйі тұрған жерге келешекте сәулетті ғимарат бой тіктейтін болғандықтан баспанасыны қыс ауасында босатып беріпті. Қазір уақытша тұратын жер тауып сонда көшкен. Келешекте мемлекет берген қаражатқа баспана тұрғызып алатынына сенеді.

Жалпы мемлекет меншігіне қайтарылатын 168 нысан үшін үкімет 2 млрд 25 млн 545 000 мың теңге қаржы бөліп отыр. Айта кетейік, «Рухани-мәдени орталық» аймағына 8 нысан түседі. Олар:»Ұлы дала елі» орталығы, Амфитеатр, Сауда орталығы, Шығыс моншасы,Субұрқақтар алаңы, Қожа Ахмет Ясауи мұражайы мен орталығы және Түркі халықтарының ғылыми кітапханасы. Бүгінге дейін бірнеше нысан түсетін орын анықталып, құжаттары құрылыс жүргізетін мекемеге тапсырылған

М. ЖАРЫЛҚАСЫН

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.