01-09-2021
31.3 C
Шымкент

Шымкентте жаңа жылдық шырша жағылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында 4 шырша орнатылады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шаһардағы жаңа жылдық безендіруге 14 млн. теңге бөлінген. 8

Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша, облыс аумағында жаңа жылдық безендірулер мен шыршалар орнату тек 18-19 желтоқсан күндерінен ары қарай басталуы тиіс болатын. Осыған орай, Шымкентте Жаңа жылдық 4 шырша (Тәуелсіздік алаңында, Әл-Фараби алаңы, Шәмші аллеясы мен Мұз сарайының алдында) орнатылуда. Ал, 20 желтоқсан күні Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында «Жаңа жылдық шырша жағу» рәсімі ұйымдастырылды. Оған қала әкімі Дархан сатыбалды қатысып, көпшілікті дәстүрлі мерекемен құттықтады.

Шымкент қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жаңа жыл мейрамына байланысты қалада бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізу қарастырылған. Сондай-ақ, Президент шыршасы жоғары деңгейде өткізіліп, Жаңа жыл мерекесінде 110 жетім бала жылы киіммен қамтамасыз етілмек.

Дерек көзі: shymkent.gov.kz.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР