20-04-2024
23.3 C
Шымкент

Головкин әлем чемпионы атағын сақтап қалды

Геннадий Головкин Осуману Адаманы техникалық нокаутпен құлатып, миллиондаған жанкүйерлеріне кезекті жеңісін сыйлады. golovkin

Монакода болған кезекті жекпе-жегінде жерлесіміз Гана елінің былғары қолғап шебері Осуману Адаманы жетінші раундта сұланып, орта салмақта WBA нұсқасы бойынша 10-рет және IBO нұсқасы бойынша 7-рет әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Кездесудің алғашқы минутынан-ақ Геннадий Головкин қарсыласын үсті-үстіне соққының астына алып, бірінші және алтыншы раундта нокдаунға жіберді. Бұл айқас – 31 жастағы әлемге танымал қазақстандық спортшының кәсіби рингтегі 29-жекпе-жегі. Айта кету керек, барлық кездесулерде ол қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді.

Дерек көзі:  http://24.kz/

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР