21-09-2021
16.3 C
Шымкент

«Ордабасы» атты асыл тұқымды қой өсіріліп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі Самат Сапарбаев ауданның 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және алда тұрған міндеттері туралы аудан тұрғындары алдында есеп берді. Жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысты. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.  koi

Аудан басшысы атап өткендей, аймақта өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 37 млрд. 716 млн. 544 мың теңге болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,2 пайызды құраған. Аудан бюджеті 2 млрд. 215 млн. 495 мың теңгеге ұлғайып, 8 млрд. 027 млн. 784 мың теңге болса, оның ішінде жергілікті кірістер 134 млн. 314 мың теңгеге жеткен.

«Ауыл шаруашылығы саласында 19 млрд. 842 млн. 600 мың теңгенің өнімі өндірілді. Мал басын асылдандыру бағытында аудан көлемінде үш асыл тұқымды қой шаруашылығы жұмыс жүргізіп, асыл тұқымды қой басы 12 504-ке жетті. Соның ішінде өткен жылы «Сералы» шаруа қожалығы «Оңтүстік-батыс мал және өсімдік ғылыми зерттеу институтымен» бірлесе отырып, «Ордабасы» атты қазақтың асыл тұқымды қылшық жүнді қой тұқымын шығарды», — деді аудан басшысы.  

Бұдан бөлек, былтыр аудан бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 8 млрд. 254 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 7,3 пайызға артқан. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 5 млрд. 39 млн. теңгенің 5 инвестициялық жобасы іске асып, 347 жаңа жұмыс орны ашылған.

Дерек көзі: Қазақпарат

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР